Жайықтағы катерлер апатынан зардап шеккен 6 жасар баланың жағдайы ауыр

Қазіргі уақытта 1 ересек, 3 бала ауруханада жатыр. 

Жайықтағы катерлер апатынан зардап шеккен 6 жасар баланың жағдайы ауыр Фото: ATPress

3 шілдеде кешкі мезгілде Жайықтағы катерлер апатынан зардап шеккен 1 ересек, 3 бала ауруханада жатыр. Оның ішінде 6 жасар баланың жағдайы ауыр. 

Катердің бірінде 10, екінші қайықта 25 адам болған. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова зардап шеккендердің жағдайына қатысты ақпарат берді.

"3 шілде Атырау облыстық ауруханасына медициналық көмек алу үшін 3 науқас жүгінді. Оның 2-еуі амбулаторлы ем қабылдауға үйіне жіберілді. Қазір аурухананың лор бөлімінде 1 адам ем қабылдап жатыр. Ал, облыстық балалар ауруханасына 4 бала жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен соң 1 бала амбулаторлы ем-дом қабылдау үшін үйіне шығарылды. Аурухананың жансақтау бөліміне түскен 2017 жылғы науқастың жағдайы ауыр күйінде қалып отыр. Ал, 2009, 2007 жылғы жасөспірімдер әр түрлі дене жарақатын алған", – деді Алмагүл Әбілова.

Еске сала кетсек, Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігімен (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бабы бойынша қозғалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу