Жайықтағы су деңгейі көтерілуде

200

Бұл туралы Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингі хабарлады. 

Жайықтағы су деңгейі көтерілуде Фото: ҚР ТЖМ

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі үздіксіз көтерілуде.

  • Жайық өзені - Индербор кентінің гидропостында су деңгейі 547 см., деңгей +9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 324 см.
  • Жайық өзені - Махамбет кенті су деңгейі 672 см., су деңгейінің + 8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 355 см.
  • Жайық өзені - Атырау қ. гидропостында су деңгейі 396см., су деңгейінің +9см.көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 205 см.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәліметінше, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"17 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын көлемі 436 м3 / с құрайды, су жіберу көлемі 345 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу