ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі Орал қаласын жылумен қамтитын "Жайықжылуқуат" АҚ тұтынушыларға 14 940 000 теңгені қайтаруға міндеттелгенін хабарлады.
"Табиғи монополиялар туралы" заңына сәйкес, жылу беруші "Жайықжылуқуат" АҚ-ы 2019-2020 жылдардағы жылу беру кезеңінде сыртқы ауаның нақты температурасын есепке ала отырып, жылумен жабдықтау қызметінің құнын қайта есептеуді жүргізуге міндетті",– деп жазылған хабарламада.
Комитеттің БҚО бойынша департаментінің есептеріне сәйкес, жылуды есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға қайтару сомасы ҚҚС есебімен 14 940 000 теңгені немесе жылытылатын алаңның 1 м2 үшін 24,90 теңгені құрайды.