Жайылым таппай қиналған шаруаларға "Жайлау" жобасы аясында уақытша жер беріледі

48

Қарағанды облысы Осакаров ауданында тұрғындар жайылымдық жерлермен қамтамасыз етіліп жатыр.  

Жайылым таппай қиналған шаруаларға "Жайлау" жобасы аясында уақытша жер беріледі Фото: Қарағанды облысы әкімдігі

Соңғы екі жылдан бері Осакаров ауданында жергілікті тұрғындарды жайылыммен қамтамасыз етуге бағытталған "Жайлау" жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Оның игілігін Сарыөзек, Қарағайлы және Көлді ауылдық округтерінің тұрғындары алғаш болып көрді. Бұл елдімекендерде қоныс жайылымына 10 500 гектар жер бөлінген.

– Жайылым мен шабындық жердің жетіспеушілігі тек біздің ауданда емес, барлық өңірде байқалады. Тұрғындар бұл мәселені үнемі көтеріп отырады. Біз пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен меморандумдар жасасып, олардың жер учаскелерін уақытша пайдалануға беруін қамтамасыз етудеміз, – дейді Осакаров ауданы әкімінің орынбасары Береке Есіргепов.

Осакаров ауданында екі жылдан бері жергілікті тұрғындарды жайылыммен қамтамасыз етуге бағытталған "Жайлау" жобасы сәтті жүзеге асырылып келеді.

Оның игілігін Сарыөзек, Қарағайлы және Көлді ауылдық округтерінің тұрғындары алғаш болып көрді. Бұл елдімекендерде қоныс жайылымына 10 500 гектар жер бөлінген.

"Жайлау" жобасы аясында барлық жайлауда құдықтар қазылып, қалқалар, вагондар, су ішуге арналған ыдыстар орнатылып, генераторлар сатып алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу