Жайылымдар мен шабындықтарды жалға беру бойынша заңнаманы жетілдіру ұсынылды

922

Қазақстандағы орман қорлары мен ерекше қорғалатын алқаптар 41 млн гектарды құрайды. 

Жайылымдар мен шабындықтарды жалға беру бойынша заңнаманы жетілдіру ұсынылды

Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтіп жатқан Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында Экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының басшысы Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

"Орман қоры есебіндегі, бірақ орман шаруашылығы үшін пайдаланылмайтын алқаптарды ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатына ауыстыру және жергілікті халықтың мал жаюы үшін сол жерлерді жалға беру мүмкіндігін кеңейту қажет", - деді комиссия мүшесі. 

Қазақстандағы орман қорлары және ерекше қорғалатын алқаптар 41 млн гектарды құрайды. Соның ішінде 10 млн гектары арнайы жайылымға берілген жерлер екен. Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша мұндай жерлерді жалға алу оңай емес, мәселе бюрократияға келіп тіреледі. 

"Өкінішке қарай қағазбастылық өте көп. Бұл мемлекеттік органдар және жергілікті әкімшілік тарапынан тиісті деңгейде бақыланбайды. Сондықтан халықтың жайылымдық жерлерге қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында Үкіметке орман алқаптарынан жайылымдар мен шабындықтарды жалға беру бойынша заңнаманы жетілдіруді ұсынамыз", - деді Экономикалық мәселелер жөніндегі жұмыс тобының басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу