Жайылымнан шыққан өрт орманшылық аумағына өтті

Қызыл жалынды ауыздықтауға 6 сағаттан астам уақыт кетті.

Жайылымнан шыққан өрт орманшылық аумағына өтті Фото: 24.kz

Павлодар облысында құрғақ шөп пен қамыс жанып, ол ірі өрттің шығуына себеп болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Өрт №45 түзету мекемесінің маңынан шықты. Кейін ол орманшылықтағы аумақты да шарпыды. Ошақтың батпақты жерде болуы өрт сөндірушілердің жұмысын одан әрі қиындатты.

"Жалпы аумағы 30 гектар алқапты алатын аумақтағы қамыс жанып, ол Жаңаауыл орманшылығына өтті. Жалын орман ішіндегі құрғақ шөп пен қарағашты жалмады. Мұнда барлығы үш гектар аумақ отқа оранды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Тілсіз жаумен күреске барлығы 35 адам жұмылдырылды. Олардың ішінде төтенше жағдай қызметінің 20 өкілі бар. Отты сөндіруге 9 автоцистерна пайдаланылды. 30 сәуір күні сағат 18.26 шамасында шыққан өрт 6,5 сағаттан соң ғана, 1 мамыр күні сағат 01.01-де толығымен сөндірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу