Қазақстан кәсіпқой боксшысы Фируза Шарипова (4-1, 2 KO) жеңіл салмақтағы WBA (Super) чемпионы Жанат Жақияновпен (27-1, 18 KO) бір бокс кешінде Астанада жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл туралы боксшымыздың менеджері Сергей Завилейский айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz.
- Фирузаның чемпиондық атақ үшін өткізетін жекпе-жегі туралы жаңалық бар ма?
- Біз Астанада үлкен бокс кешін ұйымдастырғалы жатырмыз. Мен "Сарыарқа" спорт кешенінің басшыларынан рұқсат күтіп отырмын. 15-22 маусым аралығында велотрек бос емес. Сондықтан бокс кешін 29 маусымда өткізуіміз мүмкін.
Біз Ержан Залиловпен (7-0-1, 2 КО) келісіп қойдық. Ол бұл кешінде WBC International Silver белбеуі үшін жекпе-жек өткізеді. Осы кеш барысында Фируза WBC тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласуы мүмкін. Сонымен қатар Жанат Жақияновтың менеджері Филипп Фондюға ұсыныс жасадық. Олар қазір ұсынысты қарастырып жатыр. Жауап күтіп отырмыз.
- Келіссөз қалай өтіп жатыр?
- Шынымды айтсам, келіссөз қиын жағдайда өтіп жатыр. Өйткені ұйымдастырушылар жұмысты өте баяу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Жанат Жақиянов EXPO-2017 көрмесі кезінде кездесу өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатқанын айтқан еді.