"Жақсы көрінгім келмейді": Бектенов коммуналдық қызмет қымбаттай беретінін айтты

128

Үкімет осы мәселе бойынша ұстанымын ашық білдірді. 

"Жақсы көрінгім келмейді": Бектенов коммуналдық қызмет қымбаттай беретінін айтты Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов коммуналдық қызмет тарифтеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы қайталап айтамын. Тарифтердің өсу қарқынының баяулауы олардың өсімі тоқтатылады дегенді білдірмейді. Мұны бәрі түсінуі тиіс. (...) Мен жақсы көріну үшін "тарифтер өспейді" дегім келмейді. Жоқ, тоқтата алмаймын. Олар өсе береді. Бұл арқылы біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына инвестиция тартатын боламыз", – деді Үкімет басшысы.

Айтуынша, тарифтерді көтеру мәжбүрлі қадам болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу