Жақсығали Иманқұлов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

1292

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, аймақ басшысының өкімімен Жақсығали Иманқұлов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсығали Иманқұлов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Жақсығали Иманқұлов Орынбор ауылшаруашылық институтын, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы "Мағаджан" кеңшарында мал дәрігері, аға зоотехнигі, "Мағаджан" кеңшарының директоры, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе аумақтық басқармасы шекарадағы және көліктегі мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысының жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Әр жылдары Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын, Тобыл-Торғай экология департаментін, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментін басқарды.

Бұл қызметке тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу