Жақсылық Омарға қатысты апелляциялық соттың өтетін күні белгілі болды

270

Бұған дейін Жақсылық Омардың 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғаны жазған болатынбыз.

Жақсылық Омарға қатысты апелляциялық соттың өтетін күні белгілі болды Фото: gov.kz

6 жылға бас бостандығынан айырылған Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омардың апелляциялық соттың өтетін күні белгіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ірі мөлшердегі алаяқтық және ірі мөлшерде пара алу баптары бойынша кінәлі деп танылған Өскемен қаласының экс-әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған Жақсылық Омар қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкіміне апелляциялық шағым түсірген.

Сот құжаттарынан мәлім болғандай, апелляциялық сот отырысы 20 мамыр сағат 11:00-ге белгіленді. Жәбірленуші тарап пен қорғаушылардың апелляциялық шағымдары қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес келеді.

Еске салсақ, бұған дейін Жақсылық Омардың 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғаны хабарланған. Сондай-ақ оның мүлкі, яғни Toyota Camry автокөлігі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды. 

Кейін Жақсылық Омардың рақымшылыққа ілінбейтіні хабарланды. Себебі қолданыстағы қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған тұлғаларға рақымшылық актілері мен шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормалары қолданылмайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу