Жақсылық Үшкемпіров: Шетелден қоралап мал тасудың қажеті жоқ

1351

Жақсылық Үшкемпіров: Шетелден қоралап мал тасудың қажеті жоқ

Олимпиада және әлем чемпионы, спорт ардагері Жақсылық Үшкемпіров "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатында өзімізде бола тұра шетелден қоралап мал тасуды жақтырмайтынын айтқан, деп хабарлайды silteme.kz.

Оның айтуынша, өзіміздің кәдімгі Алатаудың ақ бас сиыры, Әулиекөл сиыры, Сантагер секілді сиыр  тұқымы жеткілікті. Бұлар ыстық-суыққа да, тіпті ең ақыры шаңға да төзімді ірі қара саналады. Еті жағынан да, төзімділігі жағынан да шетелдік ірі қараның қай-қайсысын да он орап алады. Бірақ, тәжірибе алмасудың еш зияны жоқ.

"О бастан оған қарсы азаматтың бірімін. Мал тұқымын асылдандырудың толып жатқан басқа да жолдары бар", - дейді спорт ардагері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу