Мемлекет басшысы ықылым замандардан бері халқымыздың игі істерден шет қалмағандығын тілге тиек етіп, осы қасиетті сақтап қалу қажеттігіне назар аударды.
"Біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын "Асар" дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойынша құндылығын жоймаған ата салтымыз. Халқымызда: "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейтін сөз бар. Ал волонтерлер қызметінің басты мақсаты – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету", – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан кейін Президент қазақ халқы елімізге жер аударылып келген ұлттар мен ұлыстарды бауырына басқанын, бір үзім нанын бөліп бергенін баяндады.
"Шынайы жанашырлық көрсету – халқымызға тән қасиет. Міне, нағыз волонтер болудың озық үлгісі деп осыны айтуымыз керек", – деді Президент.
Қанат Махамбет