Жақсылықов Беларусьтегі ҰҚШҰ жаттығуларына техникалар жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды

562

Бүкіл техника тұрақты дислокация бекеттерінде тұр.

Жақсылықов Беларусьтегі ҰҚШҰ жаттығуларына техникалар жіберу туралы ақпаратты жоққа шығарды Фото: primeminister.kz

Қорғаныс министрі Қазақстан ҰҚШҰ жаттығуларына қатысу үшін Беларуське техникалар жібергені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Әлеуметтік желілерде Қазақстанның бронды техника жөнелткені туралы мәліметтер – фейк. Бүгінгі таңда бұкіл техника тұрақты дислокация бекеттерінде тұр. Тек жедел топ жіберілді. Олардың саны – нақты 11 адам", деді ол.

Сондай-ақ, ол жіберілген сарбаздардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ екенін айтты. 

 "Беларусь – бейбіт ел әрі ол ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланды. Қандай да бір қауіп жоқ, – деді Руслан Жақсылықов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу