АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп жақын күндері Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлеспек, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.
"Трамп өзінің көмекшілеріне Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды, бұл оның инаугурациясынан кейін бірнеше күн ішінде болуы мүмкін", – делінген CNN таратқан хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, АҚШ басшысы алдағы айларда Путинмен жеке кездесу өткізу мәселесін талқылауы тиіс. Оның негізгі тақырыбы Украинадағы әскери қақтығыстарды тоқтатуға қатысты болмақ.
CNN дерегінше, Трамп пен оның командасы Украинадағы жағдайды реттеу жоспарын жылдам жүзеге асыруға ниетті.