Жақын арада ұшаққа мінетіндерге қатысты тосын жаңалық жарияланды

Алдағы екі апта көлемінде Астана әуежайында кейбір рейстерге шектеу қойылады.  

Жақын арада ұшаққа мінетіндерге қатысты тосын жаңалық жарияланды Фото: inbusiness.kz

Бұл өзгерістер әскери парадтың дайындығына байланысты болып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Air Astana әуе компаниясы да рейстер кестесі өзгеретінін растады. 

Бірер күн бұрын 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-13:00 аралықтарында Астанада әскери авиация әскери парадқа дайындық пен оны өткізуге байланысты жаттығу өткізетіні белгілі болған еді. Осыған орай Астана әуежайында кейбір рейстерге шектеу қойылатыны хабарланды. 

Өзгерістер Астанадан Алматы, Өскемен, Франкфурт, Дохаға, сондай-ақ Алматы, Атырау, Қостанай, Өскемен, Франкфурт, Сеул, Дохадан Астанаға баратын рейстерге тікелей қатысты. 

– Кестесі өзгеретін рейстерге билет алған жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген мәліметтер арқылы ақпарат жеткізіледі, – деп хабар берді әуе компаниясы өкілдері.

Жолаушыларға брондау орталығынан да мәліметті анықтап алуға болатыны айтылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу