Жақын уақытта жеңілдікпен автонесиелеуге кезекті транш бөлінеді

983

Бағдарлама бойынша 13 мыңнан астам автокөлік сатып алынған.

Жақын уақытта жеңілдікпен автонесиелеуге кезекті транш бөлінеді

Мемлекет жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасына кезекті траншты жақын уақытта бөлуі мүмкін, деп хабарлайды abctv.kz.

Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батановтың сөзінше, бағдарламаға кезекті траншты бөлу туралы шешім осы айдың соңына дейін қабылдануы мүмкін.

"Аталған бағдарлама бойынша осы уақытқа дейін 60 млрд теңгеге 13 мыңнан астам автокөлік сатып алынды. Жыл сайын автонесиелеуге 8-9 млрд теңге жұмсалуда. Бұл қаржыға жылына шамамен 1,5 мың техника алынады. Биыл бағдарламаға бюджеттен ақша бөлуді жоспарлап отырмыз. Мәселе қарастырылып жатыр", – деді Алмас Батанов министрлікте өткен жиында.

Еске сала кетейік, бұған дейін жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасына үш рет транш бөлінді. Алғашында 15 млрд теңге, екіншісінде 11 млрд теңге қарастырылды. Үшінші ретте 8 млрд теңге бағытталды.

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар тек отандық көліктерді ғана ала алады.

Алмас Батановтың сөзінше, 2018 жылғы соңғы жеті айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина жасау саласындағы өсім 16%-ды құрады.

"Өндірістің күрт өсуі нарықтағы сұраныстың қалпына келіп, экспорттың артуымен байланысты. Мемлекет тарапынан жеңілдікпен автонесиелеу бағдарламасы автокөлік секторын дамытуға оң серпін берді. Елімізде сатылған әрбір екінші автокөлік отандық өндірістің өнімі екенін айта кету керек", – деді Алмас Батанов.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу