Жақында "Астана арландары" "Куба батырларымен" айқасады

633

"Арландар" WSB жобасының төрт дүркін чемпионы атануға тырысады. 

Жақында "Астана арландары" "Куба батырларымен" айқасады

Дүниежүзілік бокс сериясының финалына да екі аптаға жетер-жетпес уақыт қалды. Қыркүйектің 26-сы мен 28-і күндері "Астана арландары" Қытайда "Куба батырларымен" айқасып, WSB жобасының төрт дүркін чемпионы атануға тырысады. Кеше осыған байланысты команда Астанада жиналып, жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды prosports.kz.

"Олар (Куба батырлары) құрамын жариялап қойды. Бірақ, өзгерістер болуы мүмкін. Дегенмен, байқағаным, кейбір салмақтарда бірінші нөмірлері жоқ. Жастарына сенім артып отырған сияқты. Буын алмасу процессі жүріп жатқанын байқадым. Алайда, мұның барлығы жай ғана көзбояушылық болуы да ғажап емес. Қалай десек те, бізді керемет кеш күтіп тұр. Олар да бізден сескенетіні анық. Төрт дүркін атану үшін бар күшімізді саламыз", - дейді "арландардың" бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу