Жақында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезі өтеді

1285

Кезектен тыс Съезге қатысушыларды тіркеу 2022 жылғы 18 ақпанда сағат 09.00-де басталады.

Жақында "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезі өтеді

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ Съезі 2022 жылғы 18 ақпанда өтеді. Кезектен тыс съезді өткізу туралы шешімді "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа мүшелері шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралады:

  - ҰКП басқару органдарының кейбір мәселесі;

- ҰКП қызметін реформалау;

- Кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері;

- Басқа да мəселелер.                

Материалдар кезектен тыс Съезд делегаттарына іс-шараның өтетін күніне дейін қосымша жолданады.

Шара 2022 жылғы 18 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы Сауран көшесі, 44, "Конгресс орталығы" мекенжайында сағат 10:00-де өтеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу