Жақында елімізде Сирия бойынша Астана процесінің кезекті раунды өтеді

698

Жақында елімізде Сирия бойынша Астана процесінің кезекті раунды өтеді

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Астана процесінің кепілгер елдері Сирия бойынша кезекті 9-шы Халықаралық жоғары деңгейдегі кездесу 2018 жылғы 14-15 мамырда Астанада өтетінін растады, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кепілгер мемлекеттер – Иран, Ресей және Түркиядан басқа кездесуге Сирия үкіметі мен оппозициялық топтардың делегациялары, сондай-ақ БҰҰ және бақылаушылар ретінде АҚШ пен Иордания шақырылды.

Кепілгер елдерден түскен ақпаратқа сәйкес, Астанадағы келіссөздер барысында тараптар Сириядағы, оның ішінде деэскалация аймақтарындағы қазіргі жағдайды қарастыруға, гуманитарлық мәселелерді және сенімді нығайту шараларын талқылауға, сондай-ақ осы араб еліндегі дағдарысты реттеу үдерісін ілгерілету бойынша келесі қадамдарды үйлестіруге ниетті.

Екіжақты және көпжақты консультацияларды 14 мамырда, ал пленарлық отырысты 15 мамырда өткізу жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу