Жақында елордада мұз қалашықтар мен мұзайдындары ашылады

969

Елорданың барлық 4 ауданында жұртшылыққа арналған мұз қалашықтары мен мұзайдындары салынатын болады.

Жақында елордада мұз қалашықтар мен мұзайдындары ашылады

Байқоңыр ауданында мұз қалашықтары мен балақайларға арналған сырғанақтар "Жастар сарайы" маңында, "Ататүрік" саябағында, Өндіріс тұрғын алабына, сондай-ақ Жолымбет пен А. Чехоев көшелерінің қиылысына орналасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданының тұрғындарына EXPO, Ботаникалық саябақ, "Хан Шатыр", "Керуен" сауда ойын сауық орталықтары аумағына, "Жетісу" саябағында, "Жағалау" шағын ауданында, Жасыл орамда, сондай-ақ, Үркер мен Пригородный тұрғын алабында салынбақ.

Ал Сарыарқа ауданы үшін Есіл өзені аумағында, "Астана" спорт кешенінің жанына, Қосшығұлұлы, 17 мекенжайына, "Тамыз" тұрғын үй кешенінің жанына, "Наз" театрының маңайына, Оқжетпес пен Герцен көшелерінің қиылысына, Гете 10 және 187-ші көшелерге салынады.

Алматы ауданында жұртшылыққа арналған сырғанақтар мен мұзайдындар "Қазақ елі" монументінің алаңына, "Жерұйық" саябағына, Ақбұлақ өзенінің айналасына, "Жастар" саябағына, Оқушылар сарайының алдына, Президент саябағына, "Ренессанс" мейрамханасының жанына, Триатлон-паркінде, Жүргенов көшесіндегі Сарайшық шағын ауданында, сонымен қатар Теміржолшылар,  Интернациональный, Мичурино тұрғын үй алаптарында орнатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу