Жақында футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

1555

Жақында футзалдан әлем чемпионатының жеребесі тартылады

Футзалдан әлем чемпионаты іріктеу турнирінің алғашқы және негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі 2018 жылдың 12 желтоқсанында Швейцарияның Ньон қаласында өтеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Алғашқы іріктеу кезеңінің матчтары 2019 жылдың 29 қаңтарынан 3 ақпаны аралығында өтеді. Бірақ Қазақстан құрамасы жарыс жолына іріктеудің негізгі кезеңінен бастап шығады. Ал бұл кезеңнің ойындары 2019 жылдың 22-27 қазан аралығында өтеді. 

Естеріңізге сала кетейік, әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегінен 4 қазанына дейін Литвада өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу