Жақында іске қосылған бетон зауытының жұмысы тоқтап қалды

700

Кәсіпорын басшылығы өндірісте қолданатын керек-жарақтарын вагондардан түсіре алмай отыр.

Жақында іске қосылған бетон зауытының жұмысы тоқтап қалды

Ақтөбеде жақында ғана іске қосылған бетон зауытының жұмысы тоқтап қалды, деп хабарлайды Atameken Business.

Кәсіпорын басшылығы өндірісте қолданатын керек-жарақтарын вагондардан түсіре алмай отыр. Оған компания құрылтайшыларының өзара келісімге келе алмауы себеп болған. Арада теміржол байланысы жайлы  келісім болса да, 30 вагонның 3-еуінің ғана жүгі түсірілген. Ал қалғандары ақылы тұрақта тұр.

Айта кетейін, зауыт бірнеше жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама аясында салынған. Бастапқыда қаржылық қиындықтар туып, бірақ теміржол компаниясы өз қызметін кәсіпорын аяққа тұрып кеткенше қарызға көрсетін болып келіскен. Алайда артынан қаржы жетіспей, кәсіпорын банкротқа ұшырап,жабылып қалды. Енді оның жаңа қожайыны істі қайтадан қолға алуда. Бірақ бюрократияға байланысты теміржол байланысының  мәселесі шешілмей жатыр. Заңға сәйкес кәсіпкер әр вагон үшін жеке шарт жасасуға тиіс екен. Ал бұл бизнеске бөгет болып тұр.

"Біз "Ак руда" шарттары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Одан кейін тағы бір келсім жасалды. Ол теміржолдарға техникалық қызмет көрсетуге қатысты. Біз де оған қол қойып, төлемін жасадық. Бірақ бізге келген вагондар бері қарай жіберілмеуде. Неге екенін білмейміз",– дейді кәсіпкер Александр Лукиенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу