Жақында қырғыз президенті Астанаға ресми іссапармен келеді

1009

Жақында қырғыз президенті Астанаға ресми іссапармен келеді

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков өзінің әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қазақстанға келеді. Бұл оның Қырғыз еліне басшы болғалы Астанаға жасаған алғашқы ресми сапары болмақ, деп хабарлайды Интерфакс.
"25-26 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің Астанаға ресми сапары жоспарланған", - деді  жұма күні журналистерге Қырғызстан президенті әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Айзада Субакожоева.

Іссапар барысында Сооронбай Жээнбеков пен Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар келіссөз өткізеді.
"Менің ойымша, екі ел көшбасшыларының келіссөздері "жол картасы" және басқа да мәселелерді іске асыруға серпін береді. Қырғыз тарапы тең құқылық, өзара тиімділік және өзара құрмет қағидаттарының негізінде Қазақстанмен өзара іс-қимылды нығайтуға оң ықпалын тигізуге ниетті ", - деп атап өтті Айзада Субакожоева.
Оның айтуынша, Астанадағы келіссөздер қорытындысы бойынша, Қырғызстан және Қазақстан Қырғыз-Қазақстан мемлекеттік шекарасы режимі туралы келісімге және Қырғыз-Қазақстан шекарасын белгілеу туралы келісімге қол қойылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу