Жақында Қытайда есіртікімен ұсталған қазақ қызына сот үкімі кеседі

820

Жақында Қытайда есіртікімен ұсталған қазақ қызына сот үкімі кеседі

Қытайда есіртікімен ұсталған қазақ қызына қатысты сот ісі аяқталуға жақын. Санаулы күндерден соң сот үкім шығарады, деп хабарлайды Atameken Business.

Ақпаратты Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов таратты. Оның сөзінше күдікке ілінген отандасымыздың жағдайы қалыпты.

Еске салайық, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Гуанчжоу әуежайында ұсталған еді. Оның сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды.

Ақжарқынның айтуынша котрабанданы қытайлар салып жіберген. Сондықтан ол кінәні мойнынан алмақ емес. Десе де қытай соты 20 жастағы қазақ қызына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесіп үлгерген. 2016 жылы түсірілген шағымның нәтижесінде бүгінде іс қайта қаралып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу