Жақында отандық Qarakoz қорқынышты фильмі прокатқа шығады

1204

Фильм еліміздің кинотеатрларында 31 қазаннан көрсетіле бастайды.

Жақында отандық Qarakoz қорқынышты фильмі прокатқа шығады

Осы жылдың 31 қазанында отандық Qarakoz қорқынышты фильмі прокатқа шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі "Meloman Entertainment" компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш фильмде басты рөлдерді Бибігүл Ақтан, Әли Оқапов, Роман Жуков, Дарья Александрова, Салтанат Наурыз, Айдос Рысхан, Владислав Букаткин, Алдияр Байракимов пен Азамат Әбділдинов сомдайды. Режиссерлер Сидеренко мен Якобчуктың туындысы қазақтың ескі аңыз-әпсаналарындағы кейіпкерлерге арналған.

"Фильм желісі бойынша қазақ аңыздарындағы үрейлі кейіпкерлер "тіріледі". Олар туралы аңыздар айтылып келеді де, оқиға бүгінгі күнге ауысады. Туындыға қазақ аңыздарындағы Жезтырнақ пен Жалмауыз кемпір, сондай-ақ Қапшағай тас жолындағы әруақ арқау болған" делінген хабарламада.

Фильмнің продюсері - И. Махмұтов. Аталмыш қорқынышты фильм еліміздің кинотеатрларында 31 қазанда көрсетіле бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу