Қазақстанда қазанда отандық туризмдегі үздік 10 нысанның таныстырылымы болады, деп хабарлайды КазТаг.
"Қазанда туристік инвестициялық форумда Қазақстан тарихында алғаш рет халықаралық инвесторлар үшін Қазақстан туристік нысандарының үздік ондығының таныстырылымы болады", - деді ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы дүйсенбідегі үкімет сағатында.
Оның айтуынша, сондай-ақ, үздік 10 нысаны Петропавлда Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығының осы жылдың 8-9 қарашасында өтетін "Қазақстан мен Ресей туризмін дамытудағы жаңа беталыстар мен үдерістер" тақырыбындағы Қазақстан мен Ресей басшыларының қатысуымен болатын 16-форумда таныстырылады.