Жақында сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жекешелендіру мүмкін болады

255

Тиісті заң қазір ҚР Сенаты қарауында жатыр.

Жақында сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жекешелендіру мүмкін болады Фото: canva.com

Тұрғын үй саясатын реформалау бойынша заң Мәжілісте қолдау тапса, сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерді жекешелендіру мүмкіндігі туады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Тұрғын үй саясатын реформалау бойынша заң қазір ҚР Сенаты қарауында жатыр, одан әрі Мәжілісте қолдау тапса, сатып алу құқығынсыз берілген жалдамалы баспананы жекешелендіруге мүмкіндік туады. Ал сатып алуға шамасы келмейтіндерге ешқандай шектеу қойылмайды, әрі қарай да жалдап тұруға кедергі келтірілмейді", – деді Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы. 

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 20%-ы жетім балалар мен көп балалы отбасыларға беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу