Жақында Сирия жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды өтеді

639

Ал АҚШ тарапы келіссөзге келмейтін болды.

Жақында Сирия жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды өтеді

Астанада Сирия жөніндегі келіссөздердің кезекті раунды қарашаның 28-29-ында деп хабарлайды Atameken Business.

Жоғары деңгейдегі халықаралық жиын осымен 11-рет ұйымдастырылмақ.

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахмановтың айтуынша отырыс дәстүрлі түрде кепіл мемлекеттер, яғни Ресей, Түркия, Иран делегациясының қатысуымен өтпек. Сондай-ақ, Сирияның үкіметі мен Қарулы оппозиция күшінің өкілдері де келеді деп күтілуде. Иордания мен Біріккен Ұлттыр Ұйымының өкілі бақылаушы ретінде шақырылған. 

"Кепіл мемлекеттер Сириядан кеткен босқындар мәселесі бойынша халықаралық конференция өткізуді ойластырмақ. Сондай-ақ, арнайы жұмыс тобы 6-шы рет  тұтқындарды босату, жоғалғандарды іздестіру жөнінде жөнінде кеңеседі. Бұған дейінгі келіссөздер сияқты кезекті раунд та Шам еліндегі дағдарысты тоқтатуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз", - дейді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу