Жақында тұрмысы төмен отбасыларға 400-ге жуық пәтер беріледі

714

Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынады 

Жақында тұрмысы төмен отбасыларға 400-ге жуық пәтер беріледі

Биыл елордада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, айтты деп хабарлайды іnbusiness.kz тілшісі.

Оның пікірінше, қаладағы өзекті мәселенің бірі – тұрғын үй. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайтуды жүйелі жүргізіп жатырмыз. Мысалы, 2019 жылы 2 мың 900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы осындай 7 мыңнан аса пәтер салынып, пайдалануға берілді. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз",– деді елорда әкімі ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Алтай Көлгінов тұрғын үй кезегінде тұрған тұрмысы төмен отбасыларға 400-ге жуық пәтер берілетінін атап өтіп, әлеуметтік пәтерлер қайда салынатынын айтты.

"Әлеуметтік тұрғын үйлер қаланың барлық ауданында салынып жатыр. Мысалы, Отау, Жағалау шағын аудандарында, Пригородный елді мекені, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Рақымжан Қошқарбаев көшелерінде, жаңа вокзал ауданында және тағы басқа",– деді қала басшысы.

Сонымен қатар елорда әкімі тұрғын үй сертификатының сомасы 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін өскенін атап өтті.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу