"Жақында үйлену тойы болады": Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығымен бөлісті

7053

Әнші Айқын Төлепберген жақында үйлену тойын өткізетінін көпшілікке жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жақында үйлену тойы болады": Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығымен бөлісті Фото: google.com

Бұл туралы өнер иесі "Жарқын жүздесу" бағдарламасында айтты. Сондай-ақ, ол той тізгінін кім алатынын да атап өтті.

"Әр адам алдына үлкен мақсат қояды ғой. Бұдан бұрын кино түсіру, үй салу еді ғой. Бәрі бітті. Ендігі мақсат той жасау. Бұйырса, үйлену тойымызды жасаймыз. Тұрсынбек Қабатов уақыты болса, сол жүргізеді. Креатив көп болады. Бәрін айта бермеймін", - деді әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу