Жақында WhatsApp миллиондаған смартфондарда жұмысын тоқтатады - БАҚ

758

Олардың қатарында Apple, Samsung пен Huawei өнімдері бар. 

Жақында WhatsApp миллиондаған смартфондарда жұмысын тоқтатады - БАҚ Фото: google

Әлемдегі ең танымал WhatsApp мессенджерлерінің бірі 2022 жылдың 31 желтоқсанынан кейін 49 гаджет моделінде жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды inbusiness.kz "Прайм" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Бұл ескірген смартфон үлгілері үшін мессенджерді жаңартудан бас тартуға байланысты, деп атап өтті қытайлық Gizchina басылымы.

Атап айтқанда, WhatsApp-ты iPhone 5, iPhone 5c, Samsung Galaxy сериялы телефондарының, сондай-ақ Huawei Ascend (D, D1, D2, G740, Mate және P1) гаджеттерінің иелері пайдалануды тоқтатады.

Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап мессенджерден қол үзетін смартфондар тізімі:

*                           LG Optimus,

*                           Sony Xperia,

*                           HTC Desire 500,

*                           Lenovo A820.

Басылым авторлары мұндай телефондардың иелеріне қолданбаны ары қарай пайдаланғысы келсе, заманауи гаджетті сатып алуға кеңес береді.

WhatsApp қосымшасы жаңартуларды жиі шығарады, сондықтан ескі телефондарда мессенджер істемей қалып жатады.

Мысалы, осы жылдың 24 қазанынан бастап iOS 10 мен iOS 11 жұмыс істейтін iPhone смартфондарында кеңінен қолданылатын хабар алмасу қолданбасы өшірілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу