Жақып Асанов: Неге адамдардың Жоғарғы сотқа баруына мәжбүр етеміз

1391

Жоғарғы сот төрағасының пайымынша, жергілікті жерлерде судьялар өздерінің шешімдеріне жауап бермегендіктен, жауапсыздық сезініп отыр.

Жақып Асанов: Неге адамдардың Жоғарғы сотқа баруына мәжбүр етеміз

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов жоғары инстанция судья шығарған үкімнің күшін жойғаннан кейін, заң қызметкерін жауапкершілікке тарту мәселесін көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Судья тарапынан өрескел қателікке жол берілгені туралы кассациялық инстанция қаулысында атап өтілген жағдайда ғана біз бұл судьяны жауапкершілікке тарта аламыз. Бұл тұрғыда қағида түрінде әрекет жасалмағандықтан, жергілікті жерлерде сапасыз сот төрелігіне ұрындырамыз. Кейіннен сот шешімінің күшін жойған кезде немесе өзгерткен жағдайда ғана өзіміздің міндетіміз орындалды деп санаймыз. Бұдан кейін не болады? Неге судья қызметіне қатысты мәселе төтесінен қойылмайды? Неге адамдардың Жоғарғы сотқа баруына мәжбүр етеміз", – деді ол сот жүйесінің 2018 жылғы жұмысының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста.

Жақып Асановтың пайымынша, жергілікті жерлерде судьялар өздерінің шешімдеріне жауап бермегендіктен, жауапсыздықты сезініп отыр.

"Адамдар судьяның неліктен жауапкершілікке тартылмағандығы туралы төрағадан сұрап жатады. Кассациялық алқа қаулысында судья өрескел қателік жібергені немесе жібермегені жайында атап көрсетілмейді. Біз бұл туралы үндемейміз. Сондықтан бізде кассациялық инстанцияларға жүздеген шағым түсіп жатады", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу