Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына барып, А.Бердаулетов атындағы №34 орта мектебінің ашылу шарасына қатысты, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
"Бүгін М.Шәменов атындағы ауыл тұрғындарына қуанышты күн. Ашылып жатқан оқу орнынан Сыр өңірі мен Қазақстанды әлемге танытатын дара оқушылар түлеп шығады деп сенемін", – деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.
Шара барысында аудандық және ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалары жаңа мектептің ашылуымен тұрғындарды құттықтады.
140 орындық,екі қабатты білім ұясы типтік үлгіде салынған. Оқу, интернет және медициналық кабинеттер, спортзал, асхана, дәретхана бар.
Биыл 1-4 сыныптардың 94 оқушысы санитарлық нормаларға сәйкес мектепте оқиды.