Жалағаштықтар теміржолдан жанын жалдап өтіп жүр

3593

13 мың тұрғын жөні түзу өткелге мұқтаж. 

Жалағаштықтар теміржолдан жанын жалдап өтіп жүр

Жалағаш ауданының орталығында теміржол елдімекеннің үстін көктей өтеді. Ал 13 мың тұрғын сол теміржолдың астындағы өткелмен қатынап жүр. Өткелдің ені 3 метрден аспайды. Соның кесірінен күнұзақ жиі кептеліс болады. Кейір оқушылар мектепке жүйткіген пойыздың астымен өтіп баруға мәжбүр.  Соның бірі – Сырбай есімді аудан тұрғыны.

"Бірден өту қиын: Дәл мен сияқты жанын шүберекке түйіп жүрген 100 бала бар. Қыста аяғымыз тайып кетпесін деп тілейміз. Адам өтетін көпір салынса", – дейді 5- сынып оқушысы Еркебұлан Сырбай. 

Бұл мәселені халық аудан әкімдігіне талай рет айтқан екен. Бірақ әзірге нақты әрекет байқалмайды. Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев халықты теміржол тұтқынынан құтқару үшін кемінде 200 млн теңге керек деп, облыс бюджетіне қол жайып отыр.  

"Бұл жұмыстармен өткен жылдан бастап айналысып келеміз. Облыстан арнайы комиссия шақырдық. Жаяу жүргіншілер мен көлікке арналған көпір салмақ болғанбыз. Теміржол қатынасының ережелерін алға тартып, рұқсат бермеді. Көпірді басқа жерден салуға болады. Ол үшін 200-300 млн теңге қажет", – дейді әкім.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу