"Жалақы ешқашан 300 мың теңге болмайды": Бекболат Тілеухан бірқатар шенеунікті популист деп атады

893

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының вице-президенті, экс-депутат Бекболат Тілеухан бірнеше депутатты популист деп атады. 

"Жалақы ешқашан 300 мың теңге болмайды": Бекболат Тілеухан бірқатар шенеунікті популист деп атады Фото: бейнеден скриншот

“Уақыт көрсетеді” бағдарламасына қонаққа барған Бекболат Тілеухан 300 мың теңге айлыққа қатысты пікір айтты.

"Ринат Зайытов, Ермұрат Бәпи, Нартай Аралбай слишком популист. Жалақының өмір бойы 300 мың теңге болмайтыны түсінікті. Ашық популизм. Ең бірінші – халықтың көңілінен шығып, назарын бұрып алып, алдағы жиындарда сөзін өткізу үшін солай жасап отыр. Технологиясының шет-жағасын білеміз ғой, сол жақта жүрдік. Келешекте, әсіресе исламға тіл тигізу арқылы бедел жинап алады. Олар менің осы жерде айтып отыруыма татитын адамдар емес. Мысалы, не сөйлеп, не қойғанын білмейтін Ермұрат Бәпи деген адам айтады: "Ұлытау ауданы, Жезқазған өңірінің бәрін Сирияға жіберіп, радикал қылған Бекболат" деп. Оған дәлелің бар ма деп сотқа берсем, аяғы аспаннан келеді. Әлі де ойлануға болатын нәрсе негізі. Бірақ соттасып жүргім келмейді. Төмен адамның ондай жерде жүргені обал", – деді Бекболат Тілеухан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу