Жалақы мардымсыз болған соң спортшылар кетіп жатыр

431

Павлодар облысында жалақыны азсынған спортшылар өзге өңірлерге кетіп жатыр. 

Жалақы мардымсыз болған соң спортшылар кетіп жатыр Фото: baq.kz

Осылайша, басқа аймақтың атынан байрақты бәсекелерде бақ сынауға мәжбүр. Мәселен, Параолимпиада ойындарының күміс жүлдегері, дзюдошы Зарина Байбатина Батыс Қазақстан облысының атынан қатысты. 

Әлемдік аренада атой салып жүрген ММА шебері, керекулік Алик Домнич Астананың намысын қорғайды. Суға жүзгіш Аделаида Пчелницева да Ислам ойындарында Шымкент қаласының қоржынына 4 медаль салды. Павлодарда спортшыларға төленетін ең жоғарғы жалақы – 345 мың теңге. Оның өзінде оған қол жеткізу үшін халықаралық турнирлерде топ жару керек. Ал, басқа аймақтарда еңбекақы Керекумен салыстырғанда бірнеше есе көп.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу