Жалақы төлей алмай жүр

1019

Жалақы төлей алмай жүр

ШҚО-да 16 кәсіпорын қызметкерлеріне қарыз болып отыр. Бұл туралы кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша облыстық прокуратураның кеңейтілген алқасында айтылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Алқа мәжілісінде атап өтілгендей, прокуратура облыстық әкімдік және Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің  өтініші бойынша тұрақты түрде тексеріс  жүргізіп тұрады. Қадағалау мекемесі түрлі мемлекеттік органдармен бірігіп,  олардың қызметін барынша жеңілдетуге және мәселелерін шешуге көмектеседі.

"Сараптама көрсеткендей, соңғы 5 жылда тексеріс саны 3,5 есеге, яғни  жылына 22 мыңан 6 мыңға дейін азайды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. – тексерістің 60%-ға жуығы 3 департаментке - ТЖ, Мемлекеттік кіріс, сондай-ақ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға келеді".

Кәсіпкерлер заңды, бірақ әділетсіз салынған айыппұлдарға шағым білдіреді екен. Мысалы, Зырянов ауданындағы салық органы жергілікті жеке кәсіпкердің жүк құжатын бір күнге кешіктіргені, сондай-ақ электрондық кабинеттегі операция кодын қате көрсеткені үшін 150 мың теңге айыппұл салған. Ал іс жүзіндегі есептемені көрсетпеу мемлекетке немесе тұрғындарға еш шығын келтірмейді. Өскеменде полицейлер кәмелетке толмаған балаларды дүкенге әдейі жұмсап, сатушыларға спирттік ішімдік немесе темекі сатқаны үшін айыппұл салған жағдай  да болған.

Прокуратура өкілінің атап көрсетуінше, полиция қызметкерлері мұндай арандатушылыққа жол бермеуі тиіс. Мысалы, Аягөз аудандық әкімдігі жолға күрделі жөндеу жасау үшін тендер өткізу барысында жеткізушілерге Аягөз аумағында асфальтбетон зауыты болуы тиіс деген негізсіз талап қойған. Осындай шектеуден кейін конкурсқа тек бір ЖШС қатысқан. Прокуратураның қарсылық білдіруімен заңсыз конкурс тоқтатылып, конкурстық құжаттама заңға сәйкестендірілген. Бұдан бөлек облыс аумағында 16 кәсіпорын қызметкерлеріне қарыз болып отыр. Себебі қол астындағыларға айлық жалақы төлей алмай жүр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу