Жалақы төлемеген 80-ге жуық кәсіпорын қызметкерлеріне 1,1 млрд теңге берешек

407

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 105 нұсқама беріліп, 9,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жалақы төлемеген 80-ге жуық кәсіпорын қызметкерлеріне 1,1 млрд теңге берешек Фото: canva.com

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 78 кәсіпорны 7,1 мың жұмыскерге 1,1 млрд теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек екенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 105 нұсқама беріліп, 9,6 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды. Оларға 529 млн теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу