Жалақыны уақтылы төлемеген жұмыс берушілерге заң қатаңдатылмақ

1532

Алғашқы 9 айдың өзінде жалақы берешегі бар кәсіпорындарға 136 млн теңге айыппұл салынған.

Жалақыны уақтылы төлемеген жұмыс берушілерге заң қатаңдатылмақ

Түрлі қабылданған шаралардың арқасында 36 мыңдай жұмысшының құқығы қорғалып, 5 млрд теңгенің берешегі өтелген. Бұл мәлімет бүгінгі Үкімет отырысында айтылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Енді, жалақыны уақытылы беру жөнінде заңнама нормалары тағы да қатаңдатылады. Мұндай тапсырманы премьер-министр жауапты орган басшыларына жүктеді.

Асқар Маминнің айтуынша, заңнама нормаларын жалақы төлемеу жұмыс беруші үшін тиімсіз болатындай ету керек.

"Елбасы мен Мемлекет басшысының міндеттеген тапсырмаларының бірі – әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмысшылар үшін қауіпсіз еңбек жағдайын жасау. Сондықтан бар ынтаны осы бақытқа жұмсау қажет. Сондай-ақ еңбек қатынасында жалақы бойынша қарыздарды монитринг жасау алгортмін қайта қарау керек",– деді Үкімет басшысы.

Бұл бағытта жауапты органдар кәсіподақтар мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып жұмыс істеуі керектігі айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу