Жалақының өскеніне не жетсін?!

873

Жалақының артқаны ешқашан көптік етпейді. Ең төменгі жалақы артқан үстіне арта берсе қанеки. Бұл өзі ең өзекті мәселе емес пе? Себебі мемлекеттік әлеуметтік саясаттың ең бір көрінетін жері осы ең төменгі жалақының мөлшері. 

Жалақының өскеніне не жетсін?!

Президент өзінің халыққа арнаған Жолдауында ең төменгі жалақының мөлшері 60 мың теңгеге шығатынын айтты. Жөн-ақ. Азық-түлік қымбаттап, баға шарықтаған уақытта мұның аса қажет қадам екенін экономистер де құптап отыр. 3 жыл бойы өзгеріссіз сақталған 42 500 теңгенің 60 мыңға өскелі отыр. Ең төменгі жалақының 60 мың теңге болуы халықтың жағдайын жақсартады деп жатыр. Әйтеуір бұл да болса демеу шығар.

Жұмыс орны болып, ең төменгі жалақы алып жүргендер кемі миллионнан асатын көрінеді. Сонымен қатар осы күнге дейін 60 мың теңгеден аз алып келгендердің жалақысы да көтеріледі екен. Жалақының өзге мөлшерлері де осы ең төменгі мөлшерге қарап ары қарай жылжитын сияқты.

Әрине, қазіргі тарлау кезеңде бұл халықтың әл-ауқатының аздап болса да жақсара түсуіне әсер ететін болар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу