Жалақысы ең төмен аймақтар белгілі болды

1000

Ең жоғары орташа айлық Атырау (471,9 мың тг) және Маңғыстау (414,8 мың тг) облыстарында тіркелді. 

Жалақысы ең төмен аймақтар белгілі болды

Одан кейін Ұлытау облысы (364 мың тг), Астана (346,7 мың тг) мен Алматы (314,8 мың тг) қалалары орналасқан. Осы жылдың екінші тоқсанындағы деректерге сәйкес, ең төменгі жалақы Солтүстік Қазақстан облысы (212,1 мың теңге), Шымкент (218,7 мың теңге) және Қостанай облысында (223,8 мың теңге) байқалды, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке  сілтеме жасап.

Елдегі жалдамалы қызметкерлердің айлық жалақысы 287,1 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,9%-ға көп. Номиналды жалақының сатып алу қабілеті 7,9%-ға ұлғайған.

Ең жоғары орташа айлық атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында тіркелді (561,6 мың тг).

Ең төменгі орташа айлық жалақы сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою салаларында байқалды (167,9 мың тг).

Жалақының сатып алу қабілеті көлік және қоймалау (17,6%), құрылыс (14,7%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы (13,6%) қызметкерлерде өскен. Ал, денсаулық сақтау саласында сатып алу қабілеті 1,6%-ға азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу