Қазақстан бойынша жалақысы төмен салалар мен өңірлер анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ирғалиев мәлімдеді.
"Республика бойынша қарағанда ауыл, орман және балық шаруашылығындағы жалақы – 47,3 пайызға, сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет – 40,7 пайызға, өнер, ойын-сауық және демалыс 40,4 пайызға төмен", делінген агенттік төрағасының жауабында.
Сондай-ақ, орташа айлық жалақы республикалық деңгейден төмен өңірлер де бар.
"Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында жалақы орташа республикалық деңгейден 29,2 пайызға, Жетісу облысында 27,7 пайызға төмен болды", делінген ақпаратта.