Бүгін Bloomberg әлемдегі ең көп жалақы алатын топ-менеджерлердің рейтингін жариялады. Тізімдегі алдыңғы үштікті АҚШ компанияларының жетекшілері бастап тұр.
Сонымен, Уэлмарт комерц юэс компаниясының артқарушы директоры, Jet.com сайтынын негізін салушы Марк Лор топ басында. Оның жылдық табысы – 236 млн доллар. Одан кейінгі орын Apple басшысы Тим Кукке тиесілі. Ол айына 3 млн доллардан есептегенде жылына 150 млн доллар тапқан. Үшінші болып – Goldman Sachsтың вице-президенті Джон Вайнберг тұр. Жалақысы – 124 млн доллар. Төртінші – Сундар Пичаи. Alphabet Inc-тің бас директорының еңбекақысы – 106,5 млн доллар. Бестікті – Teslaның басшысы Илон Маск аяқтайды. Былтыр оның табысы 99,7 млн долларға жуықтапты.
Автор: Құралай Пионер