Маңғыстау облысында жалақысын айлап ала алмай жүрген жұмысшылардың мәселесі шешілді, деп хабарлайды khabar.kz.
Арнайы тексеріс жүргізген құқық қорғаушылар бірқатар кәсіпорынның еңбек заңнамасын өрескел бұзып отырғандығын анықтады. Жұмысшы жалақысын уақытылы төлемеген жұмыс берушілер арасында құрылыс компаниялары көп. Олардың 9 айдағы жұмысшыларға берешегі 63 млн теңгеге жетіпті. Прокурордың араласуымен оның 88 пайызы, яғни 53 млн теңге қарыз ақша өндіріліп, 73 жұмысшыға жалақысы қайтарылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу