Жалақысын ала алмай жүрген қазақстандықтар қайда жүгіне алатыны айтылды

205

Еңбекақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың саны азайды ма? 

Жалақысын ала алмай жүрген қазақстандықтар қайда жүгіне алатыны айтылды Фото: Уральская неделя

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осы мәселеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жеке еңбек дауы бар. Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушіде келісу комиссиясы болуы керек. Бұл комиссия осы сұрақтарды қарауы тиіс. Нәтиже болмаған жағдайда, жұмыскер сотқа арыз жазуға құқығы бар. Ұжымдық еңбек дауы бойынша айтатын болсақ, жұмыс берушілерде тиісті комиссия жұмыс істейді. Егер шешім шықпайтын болса, онда мәселе еңбек арбитражында қаралуы керек, одан кейін жұмыс берушілер сот арқылы осы сұрақтарды шеше алады. Сонымен бірге азаматтар еңбек инспекциясына өтінішпен жүгіне алады", - деді бірінші вице-министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Ақмәди Сарбасовтың сөзінше, жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 259 кәсіпорында 15 мыңға жуық жұмыскердің алдында 3,3 млрд теңге сомасында жалақы бойынша берешекті анықтады. Бүгінде 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалып, оларға 2,6 млрд теңге төленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу