Жалақысын көтеруді талап еткен кеншілер шахтада қонып шықты

1043

Жалақысын көтеруді талап еткен кеншілер шахтада қонып шықты

Жалақысын көбейтуді талап еткен "АрселорМиттал Теміртау" кеншілері бүкіл түнді шахтада өткізді. Бұл туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне "Қорғау" көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов хабарлады.

"Біздің басты талабымыз -  жалақымызды көбейткізу.  Жағдай бұрынғы қалпында қалып тұр. Қазір біз "Тентек" шахтасындамыз, екінші тараптан хабар күтіп отырмыз",  - деді ол.

Қарағанды ​​облысы әкімінің баспасөз қызметінің сейсенбі күнгі мәліметінше, кеншілердің өкілі "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының басшылығымен кездесу үшін жер бетіне көтерілген. Кездесу "Корғау" кәсіподақ көмір шахтасының және облыс әкімдігі басшылығының қатысуымен өтті. "Диалог жалғасуда", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, кеше кешке Шахтинсктегі мәдениет үйінде облыс әкімі орынбасарлары қазіргі жағдайды түсіндіру үшін кеншілердің отбасыларымен кездесті.
Хабарланғандай, өткен дүйсенбі күні "АрселорМиттал Теміртауға" тиесілі төрт шахтаның 200-ге жуық кеншісі түнгі ауысымнан кейін шахтадан көтерілуден бас тартқан болатын.
Компания басшылығы қызметкерлердің мүдделерін білдіретін көмір шахтасының кәсіподақтарымен диалогта екенін мәлімдеді.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ - ArcelorMittal халықаралық металлургиялық концернінің құрамдас бөлігі және Қазақстанның тау-кен металлургия саласындағы ірі кәсіпорын. АҚ құрылымында Қарағанды ​​облысында болат зауыты мен сегіз көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында темір кенін өндіруге арналған төрт кен орны бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу