Жалдамалы пәтер бағасы қымбаттап кетті

905

Ақтөбеде жалдамалы пәтер бағасы аспандап кетті.  Жылжымайтын мүлік агенттігіндегілер мұны көрші Ресейдегі ахуалмен байланыстырып отыр.  

Жалдамалы пәтер бағасы қымбаттап кетті

Мамандардың айтуынша,  пәтер іздеп жүргендердің дені- 25 пен 58 жас аралығындағы ер-азаматтар. Төсек-орны, ыдыс-аяғы бар ма  ол жағына аса мән бермей, ең бастысы аялдайтын төрт қабырға болса деп жатқандарын айтты.

Соңғы үш күннің ішінде баға шарықтап кетті. Мысалы, 1 бөлмелі пәтер бұрын 70 мың тұрса, қазір бір ай мерзімге жалдау бағасы – 150 мың теңге. Бұл ескі панель үйдегі пәтерлердің құны. Ал жаңадан салынған, элит саналатын "Батыс-2" ауданындағы баға тіпті аспандап тұр. Бұрын 1 бөлмелі пәтерді жалдау 150 мың теңге болса, қазір 300350 мың теңге сұрайды. Екі бөлмелі пәтердің бағасы 400-500 мыңға кетеді. Бұрын оларды бір айға жалға алу – 180 мың теңге болатын. Пәтер іздегендер ең бірінші тезірек орналасып алуды ойлап жатыр, күй таңдап, маған мынау ұнамайды деген сыңай байқамадық, - дейді жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері Жанболат Жарбаев.

Ақтөбеге негізінен Ресейдің Уфа, Орск, Орынбор қалаларынан келіп жатыр. Пәтерді көбісі 1 мен 3 айға жалдап жатыр екен.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу