Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестірілуде

484

Ол 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. 

Жалданып қой баққан: Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестірілуде Фото: inbusiness.kz

Шымкентте 48 жастағы ер адам іздестірілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай АПБ-на жергілікті азаматша  інісінің жоғалғанын айтып арызданды. Ол маусым айында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. 

Әпкесінің айтуынша бауыры жалданып, қой бағумен айналысқан. Ұялы телефон қолдануды білмейді. Үйіне ай сайын келіп тұрған. Осы жолы ештеңе ескертпестен шығып кетіп, 3 айдан бері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. 

Тансыкбаев Асен - 1975 жылы туған. Бойы 165-170 см, орта денелі, шашы қысқа қоңыр түсті. Үстінде қара шалбар, қара футболка, қара түсті аяқ киім болған.

"Егер, суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер бірден полицияның "102" арнасына немесе 98-07-10, 8700-097-13-13, 8775-777-23-07 нөміріне хабарласыңыздар", делінген ІІМ хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу