Жалға алған қымбат көліктерді сатып жіберген алаяқ ұсталды

960

Алаяқ төмен бағаға машина алғысы келетін азаматтардың сеніміне кіріп, жалға алған көліктерді сатқан.

Жалға алған қымбат көліктерді сатып жіберген алаяқ ұсталды

Полиция қызметкерлері бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды elorda.info.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері автомашиналарды сатумен байланысты бірқатар алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Қазіргі уақытта ұсталған адам 3 алаяқтық фактісін жасағанын мойындады. 

"Тергеп-тексеру барысында ер адамның қымбат автомашиналарды жалға алып, әрі қарай нарықтағы бағадан төмен бағаға машина сатып алғысы келетін азаматтардың сеніміне кіре отырып сатқаны анықталды. Осылайша, ол Lexus, Toyota Camry маркалы автокөліктерді сатып үлгерген және Қостанай қаласында да Nissan Qashqai автокөлігін сатқан", – делінген полиция департаментінің хабарламасында. 

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның республика аумағында бұрын осы секілді жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу