Жалға берген пәтері үшін салық төлемейтіндерге айыппұл салынады

1144

Алматыда элиталы үйін жалға бергендердің ресми түрде кәсіпкер деп тіркелуіне 1 апта уақыт берілді. 

Жалға берген пәтері үшін салық төлемейтіндерге айыппұл салынады

Элиталы тұрғын үйдің иелері өз пәтерлерін 800 мың теңгеге жалға беріп, үкіметке салық төлемейді. Мұндай мәлімдемені Алматы қаласы Медеу аудандық кірістер басқармасының мамандары жасады.

Нақтысалақ, бір элиталы тұрғын үйде 12 пәтер заңсыз жалға берілетіні анықталған. Ал оны шетел азаматтары жалдайды. 1 бөлмелі пәтердің бір айлық құны 150 мың теңге болса, 2 бөлмелі – 200-250 мың теңге, 3 бөлмелі пәтерлердің бағасы 550 мың теңгеге дейін бағаланса,  4 бөлмелілері 550 ден 800 мың теңгеге дейін жетеді екен. 

Осы пәтерлердің иелері жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, көлеңкелі бизнеспен айналысып жүр дейді кірістер басқармасындағылар.

Олардың айтуынша пәтер иелеріне ресми түрде кәсіпкер деп тіркелуге 1 апта уақыт беріліпті. Егер тіркелмеген жағдайда оларға айыппұл салынады.

Айта кетейін, осы жылдың 1 ақпанынан бастап қаладағы уақытша тіркеумен тұрып жатқан адамдары бар пәтерлер толықтай тексеріле бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу